©Vesti.kz
Головкин отбасы жағдайына байланысты жекпе-жегін кейінге қалдырды, бұл туралы оның промоутері Том Леффлер айтты деп хабарлайды Вoxingscene.com порталына сілтеме жасаған Vesti.kz. "Біз бүгін Геннадийдің менеджерінен оның 26 ақпан күні шаршы алаңға шықпайтынын естідік, - дейді Леффлер. - Оның бапкері Абель Санчес екеуіміз өткен аптада Қазақстанда болдық. Геннадийдің отбасы қайғыны (әкесінің қазасы) бастан өткеріп жатыр, енді отағасы ретіндегі жауапкершілік бізге жүктеліп отыр. Бата оқу кезеңі 40 күнге созылады, сондай-ақ отбасы мүшелері боксшының үйде жалғыз қалған анасына қарайласуы керек. Біз әзірше келешекте не болатынын білмейміз, оның боксқа немесе жаттығуларға оралуы жайлы талқылай алмаймыз". Айта кетейік, бокстан WBA және IBO нұсқалары бойынша орта салмақ дәрежесіндегі әлем чемпионы 2014 жылдағы екінші жекпе-жегін ағылшын-ирланд боксшысы Энди Лимен өткізуі тиіс болған еді. Егер оны жеңер болса, Геннадий орта салмақ дәрежесінде аргентиналық Серхио Мартинестен ғана жеңілген мексикалық боксшы Хулио Сесар Чавеспен жұдырықтасуы тиіс, бұл кездесудің уақыты да белгіленген болатын - 12 шілде. Бұған дейін Головкин ақпанның 2-сіне қараған түні шаршы алаңға шықты. Ол Гана боксшысы Осуману Адаманы мерзімінен бұрын құлатып, жеңіске жеткен еді. Бұл - Геннадийдің 29-шы жеңісі. Ол қарсыласын ұшырып түсіруіне байланысты 26 жекпе-жекті ерте аяқтаған.
Головкин отбасы жағдайына байланысты жекпе-жегін кейінге қалдырды, бұл туралы оның промоутері Том Леффлер айтты деп хабарлайды Вoxingscene.com порталына сілтеме жасаған Vesti.kz.
"Біз бүгін Геннадийдің менеджерінен оның 26 ақпан күні шаршы алаңға шықпайтынын естідік, - дейді Леффлер. - Оның бапкері Абель Санчес екеуіміз өткен аптада Қазақстанда болдық. Геннадийдің отбасы қайғыны (әкесінің қазасы) бастан өткеріп жатыр, енді отағасы ретіндегі жауапкершілік бізге жүктеліп отыр. Бата оқу кезеңі 40 күнге созылады, сондай-ақ отбасы мүшелері боксшының үйде жалғыз қалған анасына қарайласуы керек. Біз әзірше келешекте не болатынын білмейміз, оның боксқа немесе жаттығуларға оралуы жайлы талқылай алмаймыз".
Айта кетейік, бокстан WBA және IBO нұсқалары бойынша орта салмақ дәрежесіндегі әлем чемпионы 2014 жылдағы екінші жекпе-жегін ағылшын-ирланд боксшысы Энди Лимен өткізуі тиіс болған еді. Егер оны жеңер болса, Геннадий орта салмақ дәрежесінде аргентиналық Серхио Мартинестен ғана жеңілген мексикалық боксшы Хулио Сесар Чавеспен жұдырықтасуы тиіс, бұл кездесудің уақыты да белгіленген болатын - 12 шілде.
Бұған дейін Головкин ақпанның 2-сіне қараған түні шаршы алаңға шықты. Ол Гана боксшысы Осуману Адаманы мерзімінен бұрын құлатып, жеңіске жеткен еді. Бұл - Геннадийдің 29-шы жеңісі. Ол қарсыласын ұшырып түсіруіне байланысты 26 жекпе-жекті ерте аяқтаған.