Мигель Коттоны жекпе-жектерге дайындап жүрген америкалық бапкер Фредди Роуч WBA, IBO және WBC тұжырымдары бойынша кәсіпқойлар арасындағы бокстан әлем чемпионы Геннадий Головкиннің Коттодан жеңіліп қалатынына сенімді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Головкинмен жекпе-жекке қатысты айтатын болсам, бәрі Габи Пенагариканоға (Мигель Коттоның кеңесшісі) байланысты. Мен келіссөздерге жауап бермеймін. Меніңше, Котто Головкинді 100 пайыз жеңеді, бірақ мен қарсыластың таңдауына ықпал ете алмаймын. Бұл қарсылықта бізге жеңімпаз атану мүмкін болады", - деді Роуч. Сонымен қатар, ол Геннадий Головкин келесі Марвин Хаглер бола ала ма деген сұраққа да теріс жауап берді.
"Жоқ. Ол - жас, жақсы болашағы бар, бірақ ол жұдырықтасып жүрген қарсыластарының шағын әрі таяз таңдаулы калибрі сияқты. Мен Коттоны Головкинмен шайқасқа қуана дайындаймын. Геннадийдің рингтегі IQ-і жақсы, өте жақсы нәрселер жасайды, бірақ ол жетілмеген. Ешкім де толық жетілмеген", - деді бапкер. Толығырақ мына жерден оқи аласыздар.
Еске сала кетейік, қазақстандық боксшының промоутері Том Леффлер Головкин мен пуэрторикалық Мигель Котто кездесетін біріктіруші жекпе-жекті ұйымдастыратынын бұған дейін мәлімдеген болатын. Геннадий Головкин де дәл сол қарсыласпен жекпе-жек өткізгісі келетінін бірнеше рет айтты.