WBA (Super), IBO және WBC (Interim) тұжырымдары бойынша орта салмақта әлем чемпионы Геннадий Головкин IBF чемпионы, канадалық Давид Лемьемен өтетін жекпе-жекте үлкен шоу жасауға уәде берді, - деп хабарлайды Vesti.kz.
WBA (Super), IBO және WBC (Interim) тұжырымдары бойынша орта салмақта әлем чемпионы Геннадий Головкин IBF чемпионы, канадалық Давид Лемьемен өтетін жекпе-жекте үлкен шоу жасауға уәде берді, - деп хабарлайды Vesti.kz.
"Жанкүйерлерге жақсы болады. Қазан айына дайын болыңыздар. Үлкен шоу жасауға уәде беремін", - деді Головкин Twitter парақшасында.
Еске сала кетейік, Давид Лемье мен Геннадий Головкин 17 қазанда Нью-Йорктегі "Мэдисон Сквер Гарден" аренасына жұдырықтасады. Жекпе-жек HBO телеарнасынан тікелей көрсетіледі. Ал Қазақстанда кездесуді "Қазақстан" телеарнасы трансляциялайды.
Осыған дейін канадалық Давид Лемье Геннадий Головкинге қарсы өтетін жекпе-жегі туралы пікір білдірген еді. "Головкиннің қарсыластарын кездесуге дейін моральдық тұрғыда, психологиялық түрде қысымға алатын әдеті бар. Бірақ менің күшім бар және кіммен жекпе-жекке шығатынымды білемін. Рингке Головкинмен жұдырықтасу үшін ғана емес, оны жеңу үшін шығамын", - деп мәлімдеді ол.
Сонымен бірге, Лемьенің менеджері Камиль Эстефан да өз пікірін білдірді. "Лемьенің оны жеңетініне сенімді болмасақ бұл кездесуге шығуға келіспес едік. Қиын болатынын білеміз, алайда бізді нағыз шайқас күтіп тұр. Адамдар мұны жыл жекпе-жегі болады дейді, сеніміміз мол", - деді ол.