WBA (Super), IBO тұжырымдарының чемпионы және WBC белбеуінің уақытша иегері, 32 жастағы қазақстандық былғары қолғап шебері Геннадий Головкин PPV жекпе-жектерін (ақылы трансляция) өткізгісі келетіні туралы айтты, - жеп хабарлайды Vesti.kz "ВКонтакте" әлеуметтік желісіндегі GGG тобына сілтеме жасап.

"Мен өзімнің промоутерім Том Леффлермен сөйлестім, Маған PPV жекпе-жектері керек. Менің ойымша дәл қазір жанкүйерлерге үлкен шоу ұйымдастыратын уақыттың сәті түсті. Маған PPV жекпе-жегі керек және мен ол кездесуді қалаймын", - дейді боксшы. Сондай-ақ Геннадий Головкин өзінің Марк Антонио Рубиоға қарсы өткізген жекпе-жегі туралы да пікір білдірді. "Бұл оңай емес. Мен оңтайлы сәтті таңдап, тура соққы бағыттадым. Бұл - күн сайын жаттығу залында төккен терімнің жемісі. Сондықтан да жеңіс оңай келген секілді. Мен Марк Антонионы құрметтеймін. Ол ұлы жауынгер. Мүмкін, өзге деңгейдегі шығар", - дейді Головкин. Сұхбаттың толық нұсқасын мына сілтемеден оқи аласыздар.
Еске салайық, 18 қазан күні Американың Карсон қаласында Геннадий Головкин мексикалық Марк Антонио Рубиоға қарсы шыққан еді. Бұл жекпе-жекте 32 жастағы қазақстандық былғары қолғап шебері 34 жастағы Рубионы кездесудің екінші раундында нокаутқа жіберіп, жеңіске жетті. Осылайша Головкин кәсіпқой бокс шаршы алаңындағы жеңістер санын 31-ге жеткізіп, P4P рейтингінде жоғары көтерілді. Өзінің 31-жекпе-жегі үшін Головкин спорттық мансабындағы ең көп сыйақы - 900 мың доллар алды.