Букмекерлердің пікірінше, орта салмақта WBA (Super), IBO және WBC (Interim) тұжырымдары бойынша чемпион Геннадий Головкин ағылшын боксшысы Мартин Мюррейді жеңеді, - деп хабарлайды Vesti.kz. Кездесу 21 ақпан күні Монакода Salle des Etoiles аренасында өтеді.

Рrofitbet.kz букмекерлік кеңсесінің пікірінше, бұл кездесуде Головкин ұпаймен жеңіп кетеді. Оның коэффициенті 6.5-ке тең. Геннадий Головкин - Мартин Мюррей жекпе-жегінің өзге коэффициенттерімен мына жерден танысуға болады.
Еске сала кетейік, бұл кездесуде Пуэрто-Рико елінің тәжірибелі рефериі Луис Пабон төрешілік етеді. Ал қазылар құрамына Стэнли Кристодулу, Фернандо Барбоса және Джек Вудберн кіріп отыр. Бұл кездесуді HBO телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Қазақстанда жекпе-жек 21 ақпаннан 22 ақпанға қараған түні көрсетілмек.