Орта салмақта WBC және WBO тұжырымдары бойынша әлемнің экс-чемпионы Серхио Мартинес Геннадий Головкин мен Сауль Альварес арасындағы жекпе-жектің ешқашан болмайтынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz.

"Менің ойымша, "Канело" мен Головкин арасындағы жекпе-жек ешқашан болмайды. Болмаса қазақстандық боксшы қандай да бір әлсіздік кезеңіне жеткенде ұйымдастырылуы мүмкін. "Канело" - мықты боксшы, алайда Головкин бұл салмақтағы талассыз бірден-бір үздік. Сондықтан да бұл жекпе-жек өтпейді деп ойлаймын", - деді аргентиналық боксшы.
Айта кетейік, WBC қос боксшының кездесуін міндеттеген болатын. Кейіннен екі боксшы да өзара жұдырықтасар алдында бір-бір жекпе-жек өткізіп алуға келіскен еді. Боксшылардың командасы мамыр айының соңына дейін бір-бірімен келіссөздер жүргізіп, кездесу уақытын белгілеулері тиіс. Алдын ала болжанғандай, Головкин мен Альварес арасындағы шаршы алаңдағы шайқас 2016 жылдың қыркүйек айында өтуі мүмкін.