WBA (Super), IBO және WBC (Interim) нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин америкалық боксшы Флойд Мейвезер кішімен жекпе-жек өткізу арманы екенін айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz Вoxingscene.com басылымына сілтеме жасап.

"Соңғы бес жылда барлығы Мейвезер мен Пакьяо жекпе-жекке шыққанын қалады. Флойд өте ақылды, бұл оның стилі. Менің ойымша, Пакьяо жекпе-жекте өзін бақылай алмаған сияқты. Ол Флойдқа қарсы ештеңе істей алмады. Пакьяо өте мықты, бірақ бұл кездесуде Флойд өте ақылды болды", - деді Геннадий Головкин.
Еске сала кетейік, P4P рейтингі бойынша америкалық Флойд Мейвезер кішінің мансап жолындағы ең соңғы жекпе-жегін өткізетіндердің қатарында Геннадий Головкин де бар. Сонымен қатар, USA Today sports Головкиннің Мейвезерді жеңе алатын жалғыз боксшы екенін хабарлады. "Бұл жігіт 32 жекпе-жегінің 29-ын нокаутпен жеңді. Оның ішінде қарсыластарын қатарынан 19 рет нокаутқа жіберді. Бұл орта салмақ тарихында болмаған нарсе", - деп хабарлады басылым.