Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.58
EUR / KZT - 390.38
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.63

Геннадий Головкин: Мейвезер кішімен жекпе-жек өткізу менің арманым

07 Мамыр 2015, 11:22
1
© Joe Camporeale/USA TODAY Sports
© Joe Camporeale/USA TODAY Sports

WBA (Super), IBO және WBC (Interim) нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин америкалық боксшы  Флойд Мейвезер кішімен жекпе-жек өткізу арманы екенін айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz Вoxingscene.com басылымына сілтеме жасап.

"Соңғы бес жылда барлығы Мейвезер мен Пакьяо жекпе-жекке шыққанын қалады. Флойд өте ақылды, бұл оның стилі. Менің ойымша, Пакьяо жекпе-жекте өзін бақылай алмаған сияқты. Ол Флойдқа қарсы ештеңе істей алмады. Пакьяо өте мықты, бірақ бұл кездесуде Флойд өте ақылды болды", - деді Геннадий Головкин.

Еске сала кетейік,  P4P рейтингі бойынша америкалық Флойд Мейвезер кішінің мансап жолындағы ең соңғы жекпе-жегін өткізетіндердің қатарында Геннадий Головкин де бар. Сонымен қатар, USA Today sports Головкиннің Мейвезерді жеңе алатын жалғыз боксшы екенін хабарлады. "Бұл жігіт 32 жекпе-жегінің 29-ын нокаутпен жеңді. Оның ішінде қарсыластарын қатарынан 19 рет нокаутқа жіберді. Бұл орта салмақ тарихында болмаған нарсе", - деп хабарлады басылым.


Нравится
Поделиться
Пікірлерді көру (1)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай