ПОДЕЛИТЬСЯ
08 шілде 2021 | 16:27
Геннадий Головкин рингке оралуы туралы мәлімдеме жасады
Орта салмақтағы IBF және IBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин әлеуметтік желілерде рингке қайта оралуы туралы жазба жариялады, - деп хабарлайды Vesti.kz.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Орта салмақтағы IBF және IBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин әлеуметтік желілерде рингке қайта оралуы туралы жазба жариялады, - деп хабарлайды Vesti.kz.
"Мен рингке жанкүйерлерім және өзім үшін шығамын. Жақында кездескенше", - деп жазды Головкин Twitter-парақшасында.
Сонымен қатар, Головкин Fox News тілшісі Мэтт Ричардсонның жазбасына жауап берді. Ол Сауль "Канело" Альваресті GGG-мен салыстырғанда Джермалл Чарлоға қарсы күресте көргісі келетінін жазған және "GGG-мен жұмыс аяқталды" деген.
"Сенің не ойлайтының ешкімді қызықтырмайды. Мен трештокингпен айналысатындарға және менің есімімді қолданып хайп жасайтындарға қарағанда, шынымен жетістікке жетіп, назар ауаруға тұрарлық адамдарды тыңдағанды дұрыс санаймын", - деп жауап берді Головкин.
Айта кетейік, Головкин Канеломен екі рет кездесуге шыққан. Олардың алғашқы жекпе-жегі 2017 жылдың қыркүйегінде тең нәтижемен аяқталды, ал бір жылдан кейін мексикалық жеңіске жетті.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также