1. Басты
  2. Біл
  3. Спорт
  4. Бокс

Геннадий Головкин рингке оралуы туралы мәлімдеме жасады 08 шілде 2021, 16:27

Орта салмақтағы IBF және IBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин әлеуметтік желілерде рингке қайта оралуы туралы жазба жариялады,
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек
  • Қате таптыңыз ба?

Орта салмақтағы IBF және IBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин әлеуметтік желілерде рингке қайта оралуы туралы жазба жариялады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Мен рингке жанкүйерлерім және өзім үшін шығамын. Жақында кездескенше", - деп жазды Головкин Twitter-парақшасында.

Сонымен қатар, Головкин Fox News тілшісі Мэтт Ричардсонның жазбасына жауап берді. Ол Сауль "Канело" Альваресті GGG-мен салыстырғанда Джермалл Чарлоға қарсы күресте көргісі келетінін жазған және "GGG-мен жұмыс аяқталды" деген.

"Сенің не ойлайтының ешкімді қызықтырмайды. Мен трештокингпен айналысатындарға және менің есімімді қолданып хайп жасайтындарға қарағанда, шынымен жетістікке жетіп, назар ауаруға тұрарлық адамдарды тыңдағанды дұрыс санаймын", - деп жауап берді Головкин.

Айта кетейік, Головкин Канеломен екі рет кездесуге шыққан. Олардың алғашқы жекпе-жегі 2017 жылдың қыркүйегінде тең нәтижемен аяқталды, ал бір жылдан кейін мексикалық жеңіске жетті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!



Join Telegram