WBA (Super) және WBC (Interim) тұжырымдары бойынша әлем чемпионы 33 жастағы қазақстандық Геннадий Головкин отбасымен бірге Отанына ұшып келді. Бұл туралы ВКонтакте желісінде "Геннадий GGG Головкин" тобы жазды, - деп хабарлайды Vesti.kz. Жұрттың сүйіспеншілігіне бөленіп жүрген спортшының келуіне барлығы бірдей қуанбаған сияқты.

Топтың мәліметінше, "Астана" халықаралық әуежайының қызметкері жолаушылар мен күтіп алушылар алдында жанжал ұйымдастырып, Головкинді VIP-зал арқылы өткізгісі келмеген.
Әуежай қызметкерінің мәлімдеуінше, "Головкин ақысын төлемей тұрып, зал арқылы өте алмайды, себебі ол "шенеунік немесе оның отбасының мүшесі емес", бұған ол жердегілердің барлығы теріс көзқарас білдірді, олар Қазақстанның имиджін шетелге танытып жүрген адамға көрсетілген осындай қарым-қатынасқа наразылықтарын білдірді.
"Қызметкерлер осыдан кейін сол VIP-залда GGG-мен фотосессияны ұйымдастырды. Алайда күтіп алушыларға тиісті төлем жасау үшін кассаға өтуге тыйым салынды, сондықтан төлемді қолма-қол жасауға, яғни қызметкерге төлеуге тура келді, ол талабын орындатып, чекті әкеп берді", - делінген жарияланымда.
Айта кетейік, Головкин өткен жылдың қарашасынан бері Қазақстанда болған жоқ және бұл жолы ол Қарағандыдағы туыстарына келді.
Толығырақ мына жерден оқи аласыздар.