04 қаңтар 2015 | 11:41

Геннадий Головкинді жеңе алатын боксшылардың рейтингі жасалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Геннадий Головкин Геннадий Головкин

Tofight.ru басылымы бокстан орта салмақта WBA (Super), IBO және WBC (Interim) версияларында әлем чемпионы Геннадий Головкинді жеңе алатын боксшылардың рейтінгін жасады. ТОП-5 боксшылар қатарына француз Хассан Н’Дам Н’Жикам, америкалықтар Питер Куиллин және Остин Траут, ирландиялық Энди Ли және пуэрторикалық Мигель Котто кірді.


Иконка комментария блок соц сети

Tofight.ru басылымы бокстан орта салмақта WBA (Super), IBO және WBC (Interim) версияларында әлем чемпионы Геннадий Головкинді жеңе алатын боксшылардың рейтінгін жасады. ТОП-5 боксшылар қатарына француз Хассан Н’Дам Н’Жикам, америкалықтар Питер Куиллин және Остин Траут, ирландиялық Энди Ли және пуэрторикалық Мигель Котто кірді.

Сарапшылардың пікірінше, Геннадий Головкин Хассан Н’Дам Н’Жикаммен кездессе, онда бұл қазақстандықтың мансап жолындағы ең ауыр жұдырықтасуы болады. Бұл боксшы бұған дейін қазақстандықтың бұрынғы қарсыласы Кертис Стивенсті сенімді түрде жеңген еді. Француздың Головкинді ең болмағанда раундтарда жеңе алатыны айтылды.

 

1. Хассан Н’Дам Н’Жикам

Питер Куиллин қазақстандық боксшымен жұдырықтасуға дайындалса да, екеуі кездескен жоқ. Америкалықтың соққысы күшті, бірақ қорғанысы әлсіз. Сарапшылардың пікірінше, олардың жекпе-жегі 12 раундқа созылып, екеуі де нокдаун алады.

2. Питер Куиллин

Остин Трауттың техникалық және ішінара "спойлерлік", бірақ соққысыз стилі Геннадий Головкинге ыңғайсыз болады, кездесу кезінде қиындықтарға тап болады. Америкалық боксшының басты проблемасы - соққыдан қорғана алмауы болуы мүмкін. Бірақ егер қарсыласының күштілігіне төтеп беріп, нокаутқа түсіп қалмаса, онда оның ұпай арқылы жеңуге мүмкіндігі бар. Бірақ мұнда кездесу мерзімінен бұрын аяқталуы мүмкін, мұнда қазақстандық жеңіп кетеді. 

3. Остин Траут

188 сантиметр бойы бар Энди Лидің Геннадий Головкиннен артықшылығы бар. Оның джеб соққысы жақсы, соққысы қатты, сонысымен де қазақстандыққа қиындық тудыра алады. Ирландиялық өз қарсыласын қашықтықта ұстап жүре алады. Бірақ олар таяу арада кездесе алмайды, себебі Энди Ли Билли Джо Сондерске қарсы шығып, титулын қорғап қалуы керек. 

4. Энди Ли

Мигель Котто - танымал боксшы. Бірақ оның жеңуге деген мүмкіндігін жасы азайтып тұр, ол 34 жаста. Мұнымен қатар, екеуінің дене бітімінде де айырмашылық бар, қазақстандық пуэрторикалықтан ірілеу. Бұл кездесуде Геннадий Головкиннің десі басым.  

5. Мигель Котто

Еске сала кетейік, Геннадий Головкин осы жылы өз титулын үш мәрте сәтті қорғады. Ол Осуману Адама, Дэниэл Гил және Марко Рубионы тізе бүктірді. Айта кетейік, осы үш жекпе-жекте де қазақстандық боксшы нокаутпен жеңді.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети