Геннадий Головкинге Астанадан пәтер сыйға берілді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© kazpravda.kz © kazpravda.kz

Қазақстандық кәсіпқой боксшы, орта салмақта WBA, IBF IBO және WBC тұжырымдары бойынша әлем чемпионы атағына отандасымыз Геннадий Головкин Астанадағы "Қазмедиа" орталығында жанкүйерлермен кездесіп, сұрақтарына жауап берді, - деп жазады Massaget.kz басылымы.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандық кәсіпқой боксшы, орта салмақта WBA, IBF IBO және WBC тұжырымдары бойынша әлем чемпионы атағына отандасымыз Геннадий Головкин Астанадағы "Қазмедиа" орталығында жанкүйерлермен кездесіп, сұрақтарына жауап берді, - деп жазады Massaget.kz басылымы.

Кездесу барысында елімізге танымал BI Group компаниясының басшысы Айдын Раxымбаев боксшыға Астанадан пәтер сыйға тартты.

"Біз Геннадий Головкиннің Қазақстанға келуін асыға күттік. Келгеніне үлкен рақмет. Осы орайда зор құрметпен Геннадийге пәтер кілтін табыстауға рұқсат етсеңіздер. Біздің чемпион өзіміздің үйде өмір сүруі керек", - деп пәтер кілтін табыстады Раxымбаев.


© kazpravda.kz

Кездесу барысында боксшы жиналған жұртшылықтың сұрақтарына барынша жауап беруге тырысты. Олардың көпшілігі Сауль Альвареспен арадағы жекпе-жек туралы болды.

"Бұл жекпе-жекті өзім де тағатсыздана күтіп жүрмін. Жекпе-жектің ұйымдастырылуына бар күшімізді салып жатырмыз. Мен орта салмақта барлық белбеулерді иеленсем деймін", - деді GGG.


© kazpravda.kz

Сондай-ақ 2017 жылғы EXPO қарсаңында Астана қаласында жекпе-жек өткізуі туралы да сұрақтар қойылды. "Біз Астанаға НВО телеарнасының түсірілім тобын ала келдік. Олар қала туралы, жекпе-жек ұйымдастырылатын жағдайда қалай көрініс табатыны туралы түсірілімдер жасауда. Біз бұл жекпе-жекті жоғары деңгейде ұйымдастыра аламыз деген сенімдемін. Егер барлығы ойдағыдай болып жатса, ендігі жылдан кеш болмас. Келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Қазақстанда жекпе-жек өткізуге құлшынысым жоғары. Үлкен кәсіпқой бокс кешін ұйымдастырып, жанкүйерлерді неге қуантпасқа?! Біздің ел бұған лайықты", - деді Геннадий Головкин.

Кездесу соңында Геннадий Головкин жиналғандарға қолтаңба беріп, естелік суретке түсті. Айта кетейік, НВО арнасы Қазақстанда Геннадий Головкин жайлы фильмнің түсірілім жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro