Халықаралық бокс федерациясы (IBF) қазақстандық Геннадий Головкинге жаңа қарсыласты тағайындады, - деп хабарлайды vRINGe.com.
Халықаралық бокс федерациясы (IBF) қазақстандық Геннадий Головкинге жаңа қарсыласты тағайындады, - деп хабарлайды vRINGe.com.
23 сәуірде WBA (Super), IBO, IBF және WBC (Interim) тұжырымдары бойынша орта салмақта әлем чемпионы осы күнге дейін аты аталмай келген қарсыласпен кездесу өткізеді. Енді IBF жаңа ресми үміткерді атып отыр. Ол - 25 жастағы америкалық Доминик Уэйд (18-0, 12 КО). Қазіргі уақытта K2 Promotions компаниясы оның командасымен көктемде жекпе-жек өткізуге келіссөздер жүргізіп жатыр.
Осыған дейін Головкиннің IBF тұжырымы бойынша чемпиондығына Туреано Джонсон таласады делінген еді. Алайда алған жарақатынан ол жекпе-жектен бас тартты.
Айта кетейік, Головкиннің жаңа қарсыласы Уэйд өткен жылдың маусым айынан бері жұдырықтаспаған. Сол кезде ол 41 жастағы Сэм Солиманды төрешілердің даулы шешімімен жеңген еді.