19 маусым 2015 11:22

Геннадий Головкинге қарсы шығатын "ержүрек" боксшы табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тимоти Брэдли. © poedinoktv.net Тимоти Брэдли. © poedinoktv.net

Американың 31 жастағы боксшысы Тимоти Брэдли қазақстандық Геннадий Головкинге қарсы ринге шығуға қорықпайтынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Vesti.kz Boxingscene.com басылымына сілтеме жасап.


Американың 31 жастағы боксшысы Тимоти Брэдли қазақстандық Геннадий Головкинге қарсы ринге шығуға қорықпайтынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Vesti.kz Boxingscene.com басылымына сілтеме жасап.

"Мен GGG-мен жұдырықтасамын деп айтқанымнан қайтпай отырмын, бірақ ол әлі хабарласқан жоқ. Мен өзіме сенемін. Адамдар не ойласа да, өздері біледі, мені ол қызықтырмайды. Олар мені есінен ауысқан деулері мүмкін, бәлкім мен нокаутқа түсермін, бірақ ол маңызды емес. Егер онымен ешкім жұдырықтасқысы келмесе, мен шығамын. Адамдар GGG аталса, тұтыла бастайды, бірақ мен онымен 160 фунтқа болса да жұдырықтасамын", - деп мәлімдеді Брэдли. 

Еске сала кетейік, Геннадий Головкиннің келесі кездесуі бастапқы жоспар бойынша қыркүйекте өтуі тиіс болатын, алайда Головкиннің промоутері Том Леффлердің айтуынша, ол қарашаға қалуы мүмкін. Тіпті қарсыласының кім екені де анықталған жоқ. Бірақ үтімкерлерге қатысты бірнеше есім жиі айтылып жүр, олардың арасында Эрисланди Лара, Карл Фроч, кіші Хулио Сезар Чавес пен тіпті Флойд Мейвезер бар.

 
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.15   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети