03 маусым 2015 09:34

Геннадий Головкиннің АҚШ-тағы танымалдығына күмән келді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фредди Роуч. © boxing.ru Фредди Роуч. © boxing.ru

Фредди Роуч Геннадий Головкиннің АҚШ-тағы танымалдығына күмән келтірді, - деп хабарлайды Vesti.kz boxingscene.com басылымына сілтеме жасап.


Фредди Роуч Геннадий Головкиннің АҚШ-тағы танымалдығына күмән келтірді, - деп хабарлайды Vesti.kz boxingscene.com басылымына сілтеме жасап.

Филиппиндік Мэнни Пакьяоның бапкері Роуч қазақстандық Геннадий Головкин АҚШ-та әлі де танымал емес деп мәлімдеді.

"Ол менің залыма бірнеше рет келді. Жақсы жігіт, маған қатты ұнайды. Бір күні оның жанынан Мэнни Пакьяо өтіп бара жатты және ол кімнің жанынан өтіп бара жатқанын білген жоқ. Мен таңғалдым, себебі мен боксшылар бір-бірін таниды деп ойладым. Ал Мэнни салмақ дәрежесіне қарамастан ең үздік боксшылардың бірін таныған жоқ. Егер оны Пакьяоның өзі танымаса, Америкадағы халықтың көпшілігі Головкиннің кім екенін білмейді деген сөз. Оған атақтырақ бола түсу керек", - деді Роуч.

Еске сала кетейік, бұған дейін Геннадий Головкиннің Pound for Pound рейтингінде Мэнни Пакьяоны артта қалдырғаны хабарланған болатын. Жаңартылған тізімде Головкин бір сатыға жоғарылап, төртінші орынға тұрақтады. Ал Пакьяо болса екінші орыннан бесіншіге түсті. WBN нұсқасы бойынша жасалған рейтингте Флойд Мейвезер кіші көш бастап тұр. Екінші орынды украиналық Владимир Кличко алды. Никарагуалық Роман Гонсалес 12-орыннан үшіншіге көтерілді.

 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети