09 қыркүйек 2017 | 16:05

Геннадий Головкиннің екінші баласы дүниеге келді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық атақты боксшы Геннадий Головкиннің екінші қызы дүниеге келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Instagram желісінде оның жанкүйері, экс-депутат Мұхтар Тінікеев сүйіншіледі. 


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандық атақты боксшы Геннадий Головкиннің екінші қызы дүниеге келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Instagram желісінде оның жанкүйері, экс-депутат Мұхтар Тінікеев сүйіншіледі. 

Боксшының әйелі қыз босанған. 

Головкин мұның алдында L'Equipe француз газетіне берген сұхбатында екінші баласы дүниеге келетінін хабарлаған еді. "АҚШ-та өзіммен бірге бауырым Максим жүр, себебі ол команданың бір бөлшегі, бапкер. Қасымда әйелім мен балам да бар, ұлым америкалық мектепте оқып, әрдайым қуантып жүр. Әйелім жүкті. Екінші баланы күтіп жүрміз. Ол осында, АҚШ-та туады", - деген еді GGG 2 қыркүйекте.

Айта кетейік, биыл 7 шілдеде 35 жастағы Головкин үйленгеніне 10 жыл толғанын тойлады. Бұл бірдей сандарға келетін күні аталып өтті - 7.07.2007. Оның әйелі Алина да Қарағандының тумасы, өзі жайлы интернетте жария ете бермейді. Жұп тойға дейін жеті жыл кездесіп жүріпті. Алина Головкинаның екі жоғары білімі бар, алайда отбасы үшін мансабынан бас тартқан. 2009 жылы олардың Вадим есімді баласы дүниеге келген, оның есімі боксшының қайтыс болған ағасының құрметіне қойылған. Бала хоккеймен айналысады.

 

Уррааа!!!!

Публикация от М_Tinikeyev (@m_tinikeyev)

 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети