Геннадий Головкиннің есепшотында қанша ақша бар екені айтылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Геннадий Головкиннің есепшотында қанша ақша бар екені айтылды

Boxingnews24.com порталының тілшісі Аллан Фокс Геннадий Головкинге қатысты материал жариялады. Онда журналист отандасымыздың есепшотында қанша ақша бар екенін айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Boxingnews24.com порталының тілшісі Аллан Фокс Геннадий Головкинге қатысты материал жариялады. Онда журналист отандасымыздың есепшотында қанша ақша бар екенін айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Головкин 2020 жылдың желтоқсанынан бері жекпе-жек өткізбеді. Ол соңғы рет Нью-Йорк қаласында польшалық Камил Шереметамен қолғап түйістіріп, жеңіске жетті. Содан соң қазақстандық боксшы биыл желтоқсанның соңында орта салмақта WBA Super белбеуінің иегері Риота Муратамен кездесуі керек еді. Алайда Жапониядаға карантиндік шараларға байланысты бұл жекпе-жек кейінге шегерілді. 

"Біраз уақыттан бері кездесу өткізбеген Головкин аз болса да танымалдылығынан айырылды. Дегенмен бұл мәселе оны уайымдата ма, жоқ па білмеймін. Себебі қазақстандық боксшы карьерасын аяқтауға жақын. Шынымды айтсам, Геннадий енді екі кездесу өткізсе, оның өзі жаман емес. Celebrity Net Worth ақпараты бойынша, Головкиннің байлығы 30 миллионға тең. Егер чемпионның мұндай байлығы болмағанда, ол 12 ай бойы демалмай, баяғыда жекпе-жек өткізер еді", - деп жазады автор. 

Айта кетейік, бүгін танымал промоутер Эдди Хирн Головкин мен Риота Мурата арасындағы айқастың қашан өтетінін айтты. Оның мәлімдеуінше, жекпе-жек наурыз немесе сәуір айында өтеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети