03 қараша 2015 | 17:53

Геннадий Головкиннің Қарағандыдағы туристік кешені 2016 жылы ашылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағанды облысында Геннадий Головкин тұрғызып жатқан спорт базасының негізгі корпусының құрылысы аяқталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Қарағанды облысында Геннадий Головкин тұрғызып жатқан спорт базасының негізгі корпусының құрылысы аяқталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қарқаралы ауданының әкімі Халел Мақсұтовтың айтуынша, нысан Қарқаралы ауданынан 2,5 шақырым қашықтықта, Үлкен көлдің жағасында орналасқан. Головкиннің спорт базасы орналасқан аумақ 1,9 гектарды алып жатыр. Оның 0,4 гектары жекеменшік ретінде алынған.

Екі қабатты нысан тұрғызылып бітті, жабдықталған 6 бөлмеден тұратын корпусқа қонақ қабылдай беруге болады. Келер жылы спортшылар мен демалушылар үшін бірнеше үй салу жоспарланып отыр, сонымен қатар спорт залдары, алаң мен басейн салынады.

Геннадий Головкиннің базасы спортшылар үшін оқу-жаттығу өткізетін алаңға айналады. Қарқаралы ауданы теңіз деңгейінен 815 метр биіктікте жатқандықтан, ол орта таулы болып есептеледі. Ал бұл спортшылардың маңызды сайыстарға дайындалуына жақсы әсер етеді. Аудандық әкімдіктің мәліметінше, жоба 2011-2015 жылға арналған Қарқаралы ауданының даму бағдарламасы аясында жүзеге асырылады. Жобаны жүзеге асыру мерзімі - 2014-2015 жылдар.

Еске сала кетейік, бұған дейін Головкин Қарағанды облысынан туристік кешеннің құрылысын бастағаны хабарланған болатын. Головкин кешенді салатын жерді Қарқаралы қаласынан 2014 жылы таңдаған. Боксшы ауданы 400 шаршы метр болатын жер телімін 2 миллион теңгеге сатып алған. Жер телімі қала маңындағы "Үлкен көл" ұлттық саябағына жақын маңда орналасқан. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.34   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети