03 ақпан 2015 10:46

Геннадий Головкиннің спорттағы ең үздік сәттері HBO телеарнасынан көрсетілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Геннадий Головкин. Фото Tengrinews.kz мұрағатынан Геннадий Головкин. Фото Tengrinews.kz мұрағатынан

Американың НВО (Home Box Office) телеарнасы WBA (Super), IBO және WBC (Interim) тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкиннің мансабындағы ең тамаша сәттерді көрсетті, - деп хабарлайды Vesti.kz. Еске сала кетейік, 32 жастағы Геннадий Головкин 2012 жылы 1 қыркүйекте поляк Гжегож Проксымен жұдырықтасып, бесінші раундта жеңіске жеткенде НВО-дан тұңғыш рет көрсетілген болатын.

Осыдан кейін қазақстандық боксшы Габриэль Росадоны (7-раундта), Мэттью Маклинді (3-раундта), Кертис Стивенсті (8-раундта), Дэниэл Гилді (3-раундта) және Марко Антонио Рубионы (2-раундта) кезекпен жеңіп шықты. 2013 жылы Головкин мен Стивенстің жекпе-жегі рейтингі ең жоғары үш кездесудің қатарына кірді, ал Гилмен өткізген жекпе-жегі НВО-дағы рейтингі ең жоғары ондыққа кірген болатын. Толығырақ мына жерден оқи аласыздар.

Еске сала кетейік, Геннадий Головкиннің Ұлыбритания боксшысы Мартин Мюррейге қарсы жекпе-жегі 21 ақпанда өтеді. Ол Salle des Etoiles аренасында болады, кездесуді НВО телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Сонымен қатар, қазақстандық боксшы 2015 жылдың аяғына дейін WBC чемпионы Мигель Коттомен жұдырықтасқысы келетінін айтты. "Келесі жекпе-жекті Коттомен өткіземін деп үміттенемін. Бұл айқастың болғанын қатты қалаймын және ол жанкүйерлер мен телевизияға ұнайтынына күмәнім жоқ. Мен бұған дейін де айтқанмын, биыл pay-per-view айқасын өткізгім келеді, ол үшін маған Котто, Альварес, Чавес сынды қарсыластар керек. Котто - WBC чемпионы, ал мен орта салмақтағы барлық атақты иеленгім келеді", - деді Геннадий Головкин. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети