Бокстан Қазақстан жастар құрамасының бапкері, Головкиннің бұрынғы жаттықтырушысы Ғалым Кенжебаев Головкин-Лемье кездесуіне өз бағасын берді, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Бокстан Қазақстан жастар құрамасының бапкері, Головкиннің бұрынғы жаттықтырушысы Ғалым Кенжебаев Головкин-Лемье кездесуіне өз бағасын берді, - деп хабарлайды Vesti.kz.
"Геннадийдің жекпе-жегі өте ұнады, ол өте сауатты жұдырықтасты, - деді Ғалым Кенжебаев. - Гена бірінші раундтан бастап өте жинақы қимылдады, ара қашықтықты сақтап, қолымен жақсы жұмыс жасады. Жалпы айтқанда жекпе-жек Генаның бақылауында өтті".
Ғалым Кенжебаев Головкиннің кез келген салмақ дәрежесінде чемпион бола алатынына сенімді екенін жеткізді. "Ол техникасы арқылы басқа салмақта да жақсы көтеріле алады", - деді ол.
"Бұрын Қазақстан деген атауды естігенде бәрі тек Боратты есіне түсіретін еді. Қазір формада немесе куәлікте "Қазақстан" жазуын көргендер тек Головкин туралы сұрайды, - деді ол. - Борат өткен күнде қалды, қазір тек GGG маңызды. Оны бәрі жақсы көреді". Бапкермен болған сұхбатты толығырақ мына жерден оқи аласыздар.