07 маусым 2017 | 08:52

GGG "Канеломен" жұдырықтасқаннан кейін қандай жоспар құратынын айтып берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

ters/Andrew Couldridg© ters/Andrew Couldridg©

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин TMZ Sports арнасына берген сұхбатында мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен жекпе-жек өткізгеннен кейін алға қандай мақсаттар қоятыны жайлы айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин TMZ Sports арнасына берген сұхбатында мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен жекпе-жек өткізгеннен кейін алға қандай мақсаттар қоятыны жайлы айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Канеломен" жекпе-жек өткізгеннен кейін не істегің келеді? Ол сенің деңгейіңнің қандай екенін біледі ғой", - деп сұрады журналист Головкиннен. 

"Екі нұсқа бар. Біріншісі - реванш. Екіншісі - орта дивизиондағы барлық белбеуді алғым келеді. Бұл менің арманым", - деді қазақстандық.

Айта кетейік, кеше екі боксшы арасындағы жекпе-жек Лас-Вегаста (АҚШ, Невада) өтетіні ресми түрде жарияланды. "Канело" - Головкин жекпе-жегі 16 қыркүйек күні Лас-Вегастағы (АҚШ, Невада) T-Mobile Arena аренасында өтетінін ресми түрде хабарлаймын. Жанкүйерлер үшін керемет бокс кеші болмақ!" - деп жазды Том Леффлер Twitter желісіндегі парақшасында.

Сауль Канело Альвареске қарсы жекпе-жекте Геннадий Головкин орта салмақта WBC, WBA (Super), IBF және IBO чемпиондық атақтарын қорғайды. Мексикалық "The Ring" журналының белбеуін бәске тігеді.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.34   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети