GGG промоутері "Канеломен" жекпе-жектің қайда өткенін қалайтынын айтты

© skysports.com

Орта салма?та WBA (Super), IBO, WBC ж?не IBF т?жырымдары бойынша ?лем чемпионы ?аза?станды? боксшы Геннадий Головкинні? (37-0, 33 КО) промоутері Том Леффлер мексикалы? Сауль "Канело" Альвареспен (48-1-1, 34 КО) ?тетін жекпе-жекті "Даллас Ковбойз" ала?ында ?ткізгісі келетінін м?лімдеді, - деп жазады Sky Sports.

Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің (37-0, 33 КО) промоутері Том Леффлер мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен (48-1-1, 34 КО) өтетін жекпе-жекті "Даллас Ковбойз" алаңында өткізгісі келетінін мәлімдеді, - деп жазады Sky Sports.

"Далластағы аренаға 90 мың адам сыяды, сондықтан бұл жекпе-жек өткізуге жақсы жер болар еді. Геннадий ол жақта ешқашан жұдырықтасқан емес", - деді Том Леффлер.

Басылымның мәліметінше, Головкиннің промоутерін Далластың Мексикамен көрші екендігі алаңдатпайды.

Реклама
Реклама

"Бұл қиындық тудырмайды. Геннадий бүкіл әлемде жекпе-жек өткізді. Мысалы, Келл Брукпен - Ұлыбританияда. Оған жекпе-жектің қайда өтетіні бәрібір", - деді Головкиннің промоутері.

Еске сала кетейік, осыған дейін қазақстандық боксшының промоутері маусым айында ұлыбританиялық Билли Джо Сондерспен жекпе-жек өткізуден неліктен бас тартқанын айтқан еді.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама