12 сәуір 2017 09:23

Головкиннің менеджері боксшының Астанадағы жекпе-жектен "бас тартуы" жайлы мәліметке пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Instagram.com/gggboxing © Instagram.com/gggboxing

Геннадий Головкиннің менеджері Олег Герман Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында қазақстандық боксшының маусым айында Астанада өтуі мүмкін жекпе-жегі жайында айтып берді.


Геннадий Головкиннің менеджері Олег Герман Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында қазақстандық боксшының маусым айында Астанада өтуі мүмкін жекпе-жегі жайында айтып берді.

Головкиннің өкілі тек ресми ақпаратқа құлақ түруге кеңес берді. Оның айтуынша, келіссөздер ешқашан ашық өтпейді.


Олег Герман мен Геннадий Головкин. © allboxing.ru

"Егер ешқандай ресми ақпарат болмаса, ештеме болып жатқан жоқ деген сөз емес.. Біз күнделікті келіссөз жүргіземіз.

Шынын айтқанда, ресми мәлімдемесіз Головкин туралы мұнша ақпаратты қайдан алатынына таңым бар. Боксшылар алдағы жекпе-жектер туралы болжамын айтады түсінікті, ал қалғандары қандай негізге сүйене сөйлейді? Кәсіпқой бокс федерациясы да мойнына алды ма, WBC конвенциясын орындаумен айналыссын.

Әркім өз ісімен айналыссын. Егер жекпе-жек ұйымдастыру мен келіссөздерге қатысыңыз болмаса, ол туралы сөз қозғаудың, Головкин нені қалайтыны туралы тіптен айтып керегі жоқ. Ал жанкүйерлерге керісінше, алғыс білдіремін. Жаңалық болған кезде өзіміз хабарын береміз", - дейді Головкиннің менеджері Олег Герман.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети