10 мамырда негізгі ҰБТ-2026 басталғаннын бері тестілеу 292 мыңға жуық рет тапсырылды, деп хабарлайды Tengri Education Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ҰБТ нәтижелері мен орташа балл
Талапкерлердің басым бөлігі - 72 пайызы емтиханды қазақ тілінде, 28 пайызы орыс тілінде тапсырды. Тағы 469 адам тестілеуден ағылшын тілінде өтті.
Алты апта қорытындысы бойынша талапкерлердің 68 пайызы шекті балды жинады. Бес пән бойынша орташа көрсеткіш 64 балл болды. Ең жоғары нәтиже 140 балды Павлодар облысының талапкері иеленді.
Тестілеуге ерекше білім беру қажеттіліктері бар 735 талапкер қатысты. Олар үшін ҰБТ-тапсыру кезінде қолайлы жағдай жасауға ерекше көңіл бөлінеді.
Ережебұзушылықтар мен нәтижелерді жою
Ғылым министрлігінің мәліметінше, алты апта ішінде 624 ережебұзушылық анықталды:
Тыйым салынған заттарды (смартфондар, смарт-көзілдіріктер, микроқұлаққаптар мен шпаргалкалар) алып кірмек болғаны үшін 385 адам тестілеуден шеттетілді.
Тестілеу кезінде ереже бұзғаны үшін 238 қатысушы аудиториядан шығарылды - олардың нәтижесі жойылды.
"Бейнежазбаларды тексеруден соң ереже бұзған бір адамның нәтижесі жойылды. Өзге адамдардың орнына кіру фактілері анықталған жоқ", - деп хабарлады министрлік.
ҰБТ-2026 аяқталғаннан кейін бейнежазбаларды талдау 31 қазанға дейін жалғасатыны атап өтілді. Ережебұзушылықтар анықталған жағдайда тестілеу нәтижесі жойылады.
Апелляция және сертификаттарды беру
Талапкерлердің тест тапсырмаларының мазмұны бойынша тестілеу аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде апелляцияға беру құқығы бар. Техникалық себептер бойынша апелляция тікелей тестілеу кезінде қабылданады. Нәтижелері бар сертификаттар апелляция қарастырылғаннан кейін жеке кабинеттерде қолжетімді болады.
Еске сала кетейік, бұған дейін Оқу-ағарту министрлігі Қазақстан колледждеріне құжат қабылдау мерзімін жариялаған болатын.