Польшалық боксшы Камил Шеремета (21-0, 5 КО) орта салмақта IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкинмен (40-1-1, 35 КО) жұдырықтасуға дайын. Бұл туралы оның промоутері Анджей Василевски айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Біз дайынбыз. Камил Шеремета - арманы биік боксшы. GGG сияқты аңыз боксшымен жұдырықтасуды қалайды. Бұл оның мақсаты", - дейді Василевски The Ring журналына берген сұхбатында.
Промоутердің айтуынша, Шеремета мен Головкин жекпе-жегі ақпанның 8-і немесе 29-ында өтеді. Ал кездесу орны ретінде Чикагодағы Wintrust Arena таңдалды. Шереметаның өзі чемпиондық атақ үшін көптен бері жұдырықтасқысы келтінін мәлімдеді.
"Еуропа чемпионы болу мен үшін абырой, бірақ, өмір жалғасуда, сондықтан мен одан үлкенін қалаймын. Әлем чемпионы титулы үшін жұдырықтасқым келеді.
"Madison Square Garden аренасында өнер көрсетіп, Геннадийдің Big drama шоуының бөлігі болу үлкен тәжірибе берді. Жас кезімде осы аренадағы Анджей Голотаның Риддик Боумен, Джон Руис және Крис Бердпен жекпе-жектерін тамашалайтынмын. Ол жерде жұдырықтасу орындалған арман болды.
Оскар Кортеспен жекпе-жек қысқа болды. Бұл АҚШ-та алғаш өнер көрсетуім, сондықтан, оны әсерлі ету керек болды. Бастысы жеңу еді, алайда, нокаут болғанын да қаладым", - заявил Шеремета.