Golden Boy Promotions промоутерлік компаниясының басшысы Оскар Де Ла Хойя қазақстандық бокс жұлдызы Геннадий Головкин мен мексикалық Хайме Мунгия арасындағы жекпе-жек туралы мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"GGG командасымен бокстағы ең үздік жекпе-жек бойынша келіссөз жүргізіп жатырмын. 2021 жылы Головкин - Мунгия. Екі боксшыны да бұл жекпе-жек қызықтырады және соны қалайды", - деп жазды Оскар Де Ла Хойя Twitter-парақшасында.
Де Ла Хойя Головкиннің 2021 жылғы алғашқы жекпе-жектегі қарсыласы деп болжанатын Мунгияның бокстағы шаруаларымен айналысады. Жекпе-жек мамырда өтуі керек.
Мунгия кейінгі жекпе-жегін қазанда өткізіп, багамалық ардагер Туреано Джонсонды (21-3-1, 15 KO) алтыншы раундта нокаутпен жеңген болатын. Ал Головкин желтоқсанда Камил Шереметаны (21-1, 5 КО) нокаутқа түсіріп, әлем чемпионы атағын 21-рет қорғаған еді.
Айта кетейік, Хайменің орта салмақта WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы титулы болған еді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!