Golden Boy Сауль "Канело" Альварестің келесі кездесуі қашан өтетін жариялады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Golden Boy Сауль "Канело" Альварестің келесі кездесуі қашан өтетін жариялады © Vesti.kz

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин (370-1, 33 КО) мен мексикалық Сауль "Канело" Альварестің (49-1-2, 34 КО) командалары екінші кездесуді ұйымдастыру туралы келіссздерді жалғастыруда. Вoxingscene.com порталының мәліметі бойынша, егер екі тарап келісімге келетін болса, жекпе-жек келер жылдың 5-мамырында өтеді, деп хабарлайды Vesti.kz

"Канелоның" келесі кездесуі 2018 жылы 5-мамырда сенбі күніне тура келетін Синко де Майо мерекесінде өтеді. Біз Альварестің Головкинмен екінші кездесуін наурыз айында өткізгіміз келген. Сонымен қатар біздің басқа да жоспарларымыз болған. Бірақ "Канело" тек қана Синко де Майо мерекесінде өткізу керек екенін айтты", - дейді Golden Boy промоутерлік компаниясының президенті Эрик Гомес.

Бұл екі боксшы арасындағы екінші кездесу Лас-Вегаста өтуі әбден мүмкін. Бірақ жекпе-жекті қабылдауға Даллас пен Нью-Йорк қалалары да үмітті.

Еске салайық, "Канело" мен Головкин арасындағы бірінші кездесу 16 қыркүйек күні Лас-Вегаста өтіп, 12 раундтың қорытындысы бойынша тең нәтиже тіркелді. Осылайша Головкин өзіне тиесілі орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF белбеулерін сақтап қалды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети