WBA (Super), IBO және WBC Interim версиялары бойынша орта салмақта әлем чемпионы Геннадий Головкин мен ағылшын Мартин Мюррейдің кездесуі 2015 жылдың басындағы ТОП-5 басты кездесулерінің көшін бастады, - деп хабарлайды Vesti.kz. Америкалық танымал Bleacher Report сайты осылай есептейді. Басылым Геннадий Головкиннің кіші Флойд Майвезермен бірге бокс әлемінде басты тұлғалар екенін жазады.

Сайттың мәліметінше, Головкиннің жеңіс жолы, нокаутқа түсіретін күші және экшн-стилі бокссүйер қауымды дуалап тастайын көрінеді. Мұнымен қатар, Мюррейдің болса қазақстандықпен бәсекелесу үшін нокаутқа түсіретін күші аз екені айтылды. Бірақ Мюррей Головкин үшін ауыр сынақтардың бірі болмақ. Бұл туралы толығырақ мына жерден оқи аласыздар.
Еске сала кетейік, WBA (Super), IBO және WBC (Interim) тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин осы жылы 21 ақпанда Монакода ағылшын боксшысы Мартин Мюррейге қарсы жекпе-жек өткізеді. Қазақстандықтың менеджері Олег Германның айтуынша, бұл кездесуге билеттердің көпшілігі сатылып кеткен. Тек 1500-2000 еуро тұратын бірінші қатардағы қымбат билеттер ғана қалыпты.