Геннадий Головкин 2015 жылдың үздік чемпиондарының рейтингінде көш бастады, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Геннадий Головкин 2015 жылдың үздік чемпиондарының рейтингінде көш бастады, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Вoxingscene.com порталының мәліметінше, Головкин кез келген боксшымен жұдырықтасуға дайын екенін дәлелдеді. "Мысалы Мартин Мюррейді тоқтату өте қиын болды, дегенмен Головкин оны орнына қоя білді. Ал қазан айында GGG Давид Лемьеден IBF чемпионы титулын тартып алды", - деп атап өтті басылым. Сонымен қатар, қазақстандық боксшының WBC чемпионы атағына негізгі үміткер ретінде титулдың қазіргі иесі Сауль Альвареспен кездесуге толықтай мүмкіндігі бар екені айтылды.
Айта кетейік, 2015 жылдың үздік чемпиондары рейтингінде екінші орын жартылай орта салмақта WBO, IBF чемпионы Сергей Ковалевке бұйырса, үздік үштікті аса жеңіл салмақта WBC чемпионы Роман Гонсалес қорытындылады.