Головкин 2015 жылдың үздік чемпиондары рейтингінде көш бастады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Головкин 2015 жылдың үздік чемпиондары рейтингінде көш бастады © Вleacherreport.net

Геннадий Головкин 2015 жылдың үздік чемпиондарының рейтингінде көш бастады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Геннадий Головкин 2015 жылдың үздік чемпиондарының рейтингінде көш бастады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Вoxingscene.com порталының мәліметінше, Головкин кез келген боксшымен жұдырықтасуға дайын екенін дәлелдеді. "Мысалы Мартин Мюррейді тоқтату өте қиын болды, дегенмен Головкин оны орнына қоя білді. Ал қазан айында GGG Давид Лемьеден IBF чемпионы титулын тартып алды", - деп атап өтті басылым. Сонымен қатар, қазақстандық боксшының WBC чемпионы атағына негізгі үміткер ретінде титулдың қазіргі иесі Сауль Альвареспен кездесуге толықтай мүмкіндігі бар екені айтылды.

Айта кетейік, 2015 жылдың үздік чемпиондары рейтингінде екінші орын жартылай орта салмақта WBO, IBF чемпионы Сергей Ковалевке бұйырса, үздік үштікті аса жеңіл салмақта WBC чемпионы Роман Гонсалес қорытындылады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети