Головкин 2022 жылы екі жекпе-жек өткізеді. Қарсыластарының есімі аталды

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Головкин 2022 жылы екі жекпе-жек өткізеді. Қарсыластарының есімі аталды

Орта салмақта IBF және IBO бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) биыл екі жекпе-жек өткізеді. The Ring журналисі Майкл Монтеро осындай болжам жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап. 

Оның пікірінше, Головкин орта салмақтағы WBA "суперчемпионы" жапондық Риота Муратамен (16-2, 13 КО) кездеседі. Жекпе-жек әуелі желтоқсанға жоспарланған еді, бірақ кейін коронавирусқа байланысты шегерілді.

GGG-дің екінші қарсыласы бірінші орта салмақтағы экс-чемпион мексикалық Джайме Мунгия (38-0, 30 КО) болуы мүмкін. Ол орта дивизионға ауысып, бірнеше рет Головкинмен жекпе-жек өткізгісі келетінін мәлімдеді.

Еске салайық, Головкин кейінгі рет 2020 жылдың желтоқсанында шаршы алаңға шықты. Нью-Йоркте өткен айқаста Камиль Шереметаны (21-1, 5 КО) жеңіп, 21-рет белбеуін қорғап қалды. 

35 жастағы Мурата кейінгі рет 2019 жылдың желтоқсанында шаршы алаңға шығып, Стивен Батлерден (28-3-1, 24 KO) айласын асырған еді. Енді Головкин мен Мурата арасындағы жекпе-жек 2022 жылдың күзінде өтуі мүмкін.  

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети