Головкин 5 мамырда жұдырықтаспауы мүмкін - БАҚ

ПОДЕЛИТЬСЯ

Головкин 5 мамырда жұдырықтаспауы мүмкін - БАҚ © top-news.kz

Орта салмақтағы WBA (Super), WBC, IBF және IBO тұжымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкиннің 5 мамырға белгіленген жекпе-жегі өтпеуі мүмкін, - деп хабарлайды Boxingscene.com порталы.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Орта салмақтағы WBA (Super), WBC, IBF және IBO тұжымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкиннің 5 мамырға белгіленген жекпе-жегі өтпеуі мүмкін, - деп хабарлайды Boxingscene.com порталы.

Дереккөздеріне сілтеме жасаған басылымның хабарлауынша, Головкиннің кездесуі түрлі себептерге байланысты өтпей қалуы мүмкін.

Біріншіден, мексикалық Сауль "Канело" Альварестің орнын басатын қарсылас табуға байланысты қиындықтар болып тұр.

Екіншіден, жекпе-жекке бір ай ғана қалды. Оның үстіне кездесуді Лас-Вегастан Лос-Анджелес қаласына ауыстыруы да мүмкін. Бірақ ұйымдастырушыларда тоғыз мың жанкүйерге арналған StubHub Center спорт кешенінің билеттерін сатып үлгере алмайды.

Сонымен қатар, жағдайды IBF ұйымы да қиындатып тұр. Головкин бұл белбеуін Сергей Деревянченкоға қарсы кездесуде қорғауы керек. Украиналық боксшының командасы Альварестің орнына жұдырықтасу туралы өтініш білдірген.

Айта кетейік, Головкин IBF белбеуін соңғы рет 2016 жылы Доминик Уэйдқа қарсы қорғаған болатын. Бірақ Головкиннің промоутері Том Леффлер IBF ұйымымен келісімге келе алмады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети