Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Головкин WBC тұжырымы бойынша әлем чемпионы атанды

19 Мамыр 2016, 09:01
0
© REUTERS
© REUTERS

Орта салмақта WBA (Super), IBO, IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы, қазақстандық Геннадий Головкин WBC белбеуін иеленді, белбеуден мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварес өз еркімен бас тартты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Дүниежүзілік бокс кеңесі (WBC) Golden Boy Promotions компаниясынан Альварестің орта салмақтағы WBC тұжырымынан бас тартатыны жайлы шешімінің ресми түрде растауын алды. Осылайша Головкин WBC тұжырымы бойынша әлем чемпионы атанды.

"Бүгін көп ойланғаннан кейін мен Golden Boy Promotions командасына Геннадий Головкинмен жекпе-жек өткізуге келіссөздерді жалғастыруды тапсырдым және келісімді тезірек аяқтауды сұрадым. Ал WBC-ке атақты босататынымды хабарладым. Мен Головкинмен жекпе-жекке шығып, оны жеңемін, бірақ менің жекпе-жекке шығуыма уақыт шектеу қойылмайды. Енді уақыт таямайтын жағдайда екі команда келіссөздерді жүргізе алады және мен Головкинмен тезірек рингке шығамын да жанкүйерлеріме қалауын беремін", - деп мәлімдеді "Канело".


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай