09 қыркүйек 2016 | 11:38

Головкин Афина Олимпиадасының финалында жеңілетінін алдын-ала білгенін мәлімдеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© vesti.kz © vesti.kz

Орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин Афинада өткен Олимпиада ойындарында алтын алған жағдайда спорт мансабын аяқтауы мүмкіндігін айтты. Бұл туралы Telegrapg.co.uk Головкинмен болған шағын сұхбатында мәлімдеген. Сонымен қатар, боксшы финалдың қалай аяқталатынын алдын ала білгенін айтады.

Иконка комментария блок соц сети

Еске салайық, Афинадағы Ойындарда Головкин финалда ресейлік боксшы Гайдарбек Гайдарбековпен кездескен. Ол кездегі жекпе-жекте қазақстандық қарсыласына жол беріп, күміс медальді еншілеген болатын.

"Ресейлік сол кезде жеңді. Шын жеңген жоқ бірақ. Алайда бәрі дұрыс. Бұл менің өмірім, менің тәжірибем. Мен бұл жарыстардың қалай өтетінін білемін", - деп мәлімдеді ол.

Головкин финалдағы жеңілісін алдын ала білгенін айтады. Оған бұл туралы ресми өкіл хабарлаған, алайда GGG оның есімін құпия қалдырды.

"Менің есімде, жартылай финалда маған келіп былай айтты: "Алтын медальды тек бір қазақстандық алады" Мен айттым "Жақсы. Дайынмын деп". Осыдан кейінгі айтқаны: "Алтынды сен алмайсың, бірінші орта салмақтағы спортшы алады". Мен таңғалып оған "Не? Менің ойымша мен қарсыласымды финалда жеңдім" дедім. Екінші кезеңнен соң қанша ұпай болғанын білмеймін, бапкер маған шабуылды тоқтатпа, ұра бер" деді. Мен "Жақсы, жақсы" дедім. Егер мен сол кезде жеңгенімде бәлкім спорт мансабымды аяқтар ма едім", - деді Головкин.

Айта кетейік, Головкин кәсіпқой рингке 2006 жылы шыққан. Осы күнге дейін Головкин 35 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіп, 32-сін нокаутпен аяқтаған. Жақын арадағы кездесуі 10 қыркүйекте Лондон қаласында ұлыбританиялық Келл Брукпен кездеседі. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети