Америкалық танымал төреші Джо Кортес қазақстандық спортшы Геннадий Головкинді бокстың танылып келе жатқан жұлдызы деп есептейді, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Америкалық танымал төреші Джо Кортес қазақстандық спортшы Геннадий Головкинді бокстың танылып келе жатқан жұлдызы деп есептейді, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Төрешінің айтуынша, Геннадий Головкин мықты боксшылардың бірі болғанымен, ол АҚШ-та әлі мойындала қоймады. "Ол маған АҚШ-та жұдырықтасқан ағайынды Кличколарды еске салады, ал оларды көп адам көрген жоқ, себебі олар АҚШ-та жеткілікті түрде танымал болған жоқ. Бірақ, меніңше, Головкин ағайынды Кличколардан асып түседі, өйткені ол әрқашан шайқасқа ұмтылады. Бұл жігіт рингте көп әрекет жасайды, экшн әкеледі. Жақында оның бокстағы аты кең тарайтынын көресіздер. Келесі жыл бар әңгіме Головкин жайлы болады", - деді Кортес. Толығырақ мына жерден оқи аласыздар.
Геннадий Головкин - WBA (Super) версиясы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы, IBO и WBC (Interim) бойынша әлем чемпионы. Ол 31 рет кәсіби жекпе-жекке шықты. Бұған дейінгі кездесулердің бәрінде қазақстандық боксшы жеңіске жетіп 28-ін нокаутпен, ал 18 жекпе-жекті мерзімінен бұрын аяқтаған. Ол осыған дейінгі соңғы жекпе-жекте - 19 қазанда АҚШ-та (Калифорния штаты, StubHub Center аренасы ) мексикалық Марко Антонио Рубионы екінші раунда нокаутпен жеңді. Қазақстандық спортшы келесі жекпе-жегін ағылшын боксшысы Мартин Мюррей 21 ақпанда Монакода өткізеді.