19 ақпан 2019 09:17

Головкин ала алмаған жалғыз титулға үміткер болды

© Тұрар Қазанапов

Геннадий Головкин орта салмақта Бүкіләлемдік бокс ұйымының (WBO) рейтингінде көш бастады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Геннадий Головкин орта салмақта Бүкіләлемдік бокс ұйымының (WBO) рейтингінде көш бастады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Осыған дейін рейтингте WBO бұрынғы чемпионы Билли Джо Сондерс бірінші тұрған, алайда ұлыбританиялық боксшы екінші орта салмаққа көтерілді. 

Реклама
Реклама

Головкиннің рейтингте көш бастауы Деметриус Андраденің (27-0, 17 КО) иелігіндегі WBO белбеуіне міндетті қарсылас болады деген сөз.

Айта кетейік, 22 ақпанда WBO Андрадеге 30 күн ішінде Сондерспен жекпе-жек туралы келісімге келуге міндеттеген еді. Олай болмаған жағдайда ұйым промоутерлік сауда ұйымдастыратын болып келіскен. 

Қаңтарда Головкин DAZN стримингтік жүйесімен және FOX пен Showtime арналары арқылы трансляция жүргізу үшін Premier Boxing Champions жобасының өкілдерімен келіссөздер жүргізді. DAZN өкілдері қазақстандыққа Андрадемен жекпе-жек ұсынды, кейін Сауль Альвареспен үшінші кездесу өткізу ұсынысы да болған. 

WBO белбеуі - Головкин кәсіпқой бокста ала алмаған жалғыз титул. Ол бірнеше рет Сондерспен келіссөздер жүргізді, алайда жекпе-жек ұйымдастыру мүмкін болмады.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram