The Ring тұжырымы бойынша WBA (Super), IBO және WBC (Interim) тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин дене салмағына тәуелсіз түрде әлемнің ең үздік боксшысы атағына тартыс барысында никарагуалық Роман Гонсалестен екі есе асып түсті, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Жаңалық жазылған сәтте Головкин үшін 53 105 адам дауыс берген, бұл көрсеткіш дауыс бергендердің 67 пайызына тең. Ал Гонсалесте - 22 741 дауыс немесе 29 пайыз. Үшінші орында филиппиндік Мэнни Пакьяо тұр, оның еншісінде 1 078 дауыс (бір пайыз).
The Ring тұжырымы бойынша, америкалық кіші Флойд Мейвезер кеткеннен кейін P4P үздік боксшысы атағынан үміттілердің қатарына мексикалық Сауль Альварес пен Лео Санта Крус, америкалық Тимоти Брэдли, Теренс Кроуфорд, Кит Турман мен Андре Уорд, ұлыбританиялық Келл Брук, пуэрторикалық Мигель Котто, украиналық Владимир Кличко, ресейлік Сергей Ковалев, кубалық Гильермо Ригондо мен жанопиялық Синсукэ Яманака қосылды. Үздік боксшыларға мына жерде дауыс беруге болады.