Головкин әлемнің ең үрейлі боксшысы атанды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Головкин әлемнің ең үрейлі боксшысы атанды © inosmi.ru

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин Round By Round Boxing порталының құраған боксшылар арасындағы рейтингте ең үрейлі боксшылар тізімінде көш бастады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин Round By Round Boxing порталының құраған боксшылар арасындағы рейтингте ең үрейлі боксшылар тізімінде көш бастады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Головкинмен қатар осы тізімде WBA/WBO/IBF нұсқалары бойынша жартылай орта салмақта әлем чемпионы Сергей Ковалев та көрінді, ол екінші орынды иеленді. WBO нұсқасы бойынша  бірінші жартылай орта салмақта чемпион америкалық Теренс Кроуфордта бар. "Қазіргі уақытта Геннадий Головкиннің есімі бокс әлемінде ең биік шыңға шыға білді. Орта салмақта WBA, IBO, WBC және IBF нұсқаларын иеленген Головкин бокстағы ең қауіпті қарсылас екенін дәлелдеді", - деп жазады басылым.

Портал қазақстандық боксының ең мықтылармен жұдырықтасқысы келетінін жазады. Ол бір жыл бойы Альвареспен кездесу ұйымдастыруға талпынып жүр, ал Альварес болса барынша қашып жүр. "Сонымен қатар "Канелодан" басқа осы салмақтағы мықтымын деген кез-келген боксшы өзін Головкинге қарсы қоюға күмәнданады. Көптеген боксшылар шақырту жасап, тура келісім жасасу барысында белгілі, белгісіз себептермен жекпе-жектен бас тартып жатады. Оның қарсыластарды нокаутқа жіберу қабілеті, өз дивизионындағы мықтыларды "қуалауы", Головкинді әлемнің ең үрейлі боксшы етеді, - деп жазады басылым.

Еске салайық, Головкин келесі аптада жаттығу жұмыстарын бастайды. Оның 2016 жылғы үшінші кездесуі желтоқсан айына белгіленген. Ол орта салмақтағы WBA (Regular) нұсқасы бойынша чемпион Дэниэл Джейкобспен кездесуі мүмкін.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Сағынтаевты қабылдады
Алматыда ірі жол апаты болды
Алматыда қоймадан өрт шықты

Валюта бағамы

 518.28  course up  602.54  course up  6.69  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети