Matchroom Boxing промоутерлік компаниясының басшысы Эдди Хирн орта салмақтағы екі әлем чемпионы Деметриус Андраде мен Джермалл Чарло үшін жекпе-жек ұйымдастыруға ниетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

Хирн WBO және WBC президенттеріне осы жекпе-жекті ұйымдастыруға көмек сұрап, хат жазған. Бұл арқылы промоутер Андрадеге ірі жекпе-жек ұйымдастырып қана қоймай, Андраде-Чарло және Головкин-Мурата жекпе-жектерінің жеңімпаздарын осы дивизиондағы абсолют әлем чемпионын анықтау үшін кездестіруді көздейді.
"GGG мен Мурата орта салмақтағы WBA және IBF титулдары үшін жұдырықтасатынын ескерсек, бұл (Андраде мен Чарло арасындағы жекпе-жек) тиісті жеңімпаздар арасында сөзсіз әлем чемпионы үшін жекпе-жек ұйымдастыруға түрткі болады", - деп келтіреді Хирнның сөзін Fight Freaks Unite.
Айта кетейік, Андраде рингте Жәнібек Әлімханұлымен кездескісі келеді, оның менеджері Эгис Климас WBO-ға қазақстандық орта салмақтағы Андраде үшін міндетті үміткер тағайындау туралы өтініш берген болатын.
Ал Геннадий Головкиннің орта салмақтағы WBA Super белбеуінің иегері Риото Муратамен бірлескен жекпе-жегі 29 желтоқсанда Токиода өтеді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!