Кәсіпқой бокстан әлем чемпионы Геннадий Головкин (38-0-1, 33 КО) жаттығу лагерін үзуіне тура келуіне байланысты өз командасымен бірге Лос-Анджелеске қайтып оралды, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Кәсіпқой бокстан әлем чемпионы Геннадий Головкин (38-0-1, 33 КО) жаттығу лагерін үзуіне тура келуіне байланысты өз командасымен бірге Лос-Анджелеске қайтып оралды, - деп хабарлайды Vesti.kz.
"Лос-Анджелеске қазір ғана қондық. Абель Санчес, Геннадий Головкин және Али Ахмедов - барлығы да Мәскеуге барып қайтқаннан кейін LA-ға келді", - деді GGG промоутері Том Леффлер Twitter желісіндегі парақшасында.
Just landed in LA, couldn’t make it back in time. Abel, GGG and Ali Akhmedov all back in LA now after the trip to Moscow https://t.co/ZQIDjCopDX
— Tom Loeffler (@TomLoeffler1) 22 июля 2018 г.
21 шілдеде Головкин қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенді ақтық сапарға шығарып салу үшін Алматыға келді. Қазақстандық боксшы 2014 жылы қысқы Олимпиада ойындарының қола жүлдегерінің қазасын естігенде мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен екінші жекпе-жек өткізу үшін жаттығу лагерін үзді. Жерлеу рәсімінен кейін Головкин Мәскеуге барып, Бүкіләлемдік бокс суперсериясының (WBSS) финалын тамашалады.
Головкин мен Альварес арасындағы екінші жекпе-жек 15 қыркүйекте Невада штатының Лас-Вегас қаласындағы T-Mobile аренасында өтеді. Айта кетейік, бір жыл бұрын қос боксшы осы аренада кездесіп, кіл мықтыны анықтай алмаған еді.