Головкин-Альварес жекпе-жегі 2017 жылы бокс әлеміндегі басты тақырыптардың біріне айналады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Головкин-Альварес жекпе-жегі 2017 жылы бокс әлеміндегі басты тақырыптардың біріне айналады © Vesti.kz

Bleacher Report белгілі спорт порталының журналисі Бриггс Сикинс бокс әлемінде 2017 жылы болатын өзекті мәселелерді қарастырып, соның ішінде мексикалық Сауль "Канело" Альварес пен қазақстандық Геннадий Головкин арасындағы жекпе-жек туралы да сөз қозғады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Bleacher Report белгілі спорт порталының журналисі Бриггс Сикинс бокс әлемінде 2017 жылы болатын өзекті мәселелерді қарастырып, соның ішінде мексикалық Сауль "Канело" Альварес пен қазақстандық Геннадий Головкин арасындағы жекпе-жек туралы да сөз қозғады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Бұл екі супер жұлдыздың жекпе-жегі қалай боларын ойлаудан шаршаған жалғыз мен емес шығар. Флойд Мейвезер мен Мэнни Пакьяо арасында жекпе-жек "болады, болмайды" тақырыбындағы бес жыл бойына бітпес әңгімелерден кейін спекуляцияны қабылдамайтын журналистер мен жанкүйерлер буыны пайда болды. Дегенмен, Головкин мен Альварес арасындағы жекпе-жек келесі жылдың басты тақырыбына айналады. Екеуі 2016 жылы жұдырықтасуының мәні болмас еді.

Головкин мен Альварес те алдағы жекпе-жектерінде жеңіске жетсе, қыркүйекте болатын Мексиканың тәуелсіздік күні қарсаңында екеуі бетпе-бет келетіні жайлы спеукуляция келесі жылдың жаз айларында тоқтаусыз жүретінін күтуге болады", - дейді Сикинс.

Головкин мен Альварес арасындағы жекпе-жек 2016 жылы болуы мүмкін еді. Дегенмен, мамыр айында мексикалық боксшы орта салмақтағы WBC белбеуінен бас тартып, алғашқы орта салмаққа оралған. Дегенмен, екі тарап та жекпе-жекті 2017 жылдың қыркүйегінде өткіземіз деген ауызша келісіп отыр.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети