Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0, 33 КО) мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес (49-1-1, 34 КО) арасында 16 қыркүйекте өтетін жекпе-жек АҚШ-та 400-ге жуық кинотеатрда көрсетіледі. Бұл туралы Golden Boy Promotions промоутерлік орталығының директоры Оскар Де Ла Хойя ESPN арнасына берген сұхбатында айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Кинотеатрдағы көрсетілімдер HBO PPV арнасы арқылы трансляцияланады және жергілікті уақыт бойынша 20:00-де (Астана уақытымен 17 қыркүйекте 09:00-де басталады.
"Канелоның" Головкинге қарсы жекпе-жегі - бұл көптен күткен кездесі. Ол миллиондаған жанкүйерді бірнеше уақыт бойы елеңдетеді. Сіз оны үлкен экраннан тамашалайтын болсаңыз, бұл оданда күшті әсер беретіні сөзсіз", - деді Де Ла Хойя.
Айта кетейік, Головкин - "Канело" жекпе-жегі 16 қыркүйек күні Лас-Вегастағы (АҚШ, Невада) T-Mobile Arena аренасында өтеді.
Сауль Канело Альвареске қарсы жекпе-жекте Геннадий Головкин орта салмақта WBC, WBA (Super), IBF және IBO чемпиондық атақтарын қорғайды. Мексикалық "The Ring" журналының белбеуін бәске тігеді.