Ертең, 17 қыркүйекте көптен күткен қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварес арасындағы жекпе-жек өтеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Ертең, 17 қыркүйекте көптен күткен қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварес арасындағы жекпе-жек өтеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Бокс кеші Астана уақыты бойынша таңғы 06:00-ден бастап Qazaqstan және QazSport телеарналарынан тікелей эфирден көрсетіледі. Ал Лас-Вегастағы 20 мың адамдық T-Mobile аренасында өтетін басты жекпе-жек Головкин - Альварес кездесуі 08:50-де басталады деп жоспарланған. АҚШ-та бұл жекпе-жек (PPV) ақылы жүйе арқылы көрсетіледі. Бір телевизордан көру құны - 75 доллар.
Сауль Канело Альвареске қарсы жекпе-жекте Геннадий Головкин орта салмақта WBC, WBA (Super), IBF және IBO чемпиондық атақтарын қорғайды. Мексикалық "The Ring" журналының белбеуін бәске тігеді.