Мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварестің (48-1-1, 34 КО) жекпе-жектерін ұйымдастыратын Golden Boy Promotions промоутерлік компаниясының президенті Эрик Гомес қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің (37-0, 33 КО) командасымен келіссөзді аяқтауға жақын екенін айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Қазірше біз келісімшартқа қол қойған жоқпыз. Бірақ келіссөз өткіздік, өткізіп те жатырмыз. Жуырда ғана Том Леффлермен (Головкиннің промоутері) кездесіп, біраз мәселені шешіп алдық. Жоспарымыз - жекпе-жекті қыркүйек айында өткізу. Бірақ "Канело" мамырда Чавеспен жекпе-жегін өткізіп, жеңіске жетпейінше, нақты ештеңені шеше алмаймыз. Альварес - Чавес кездесуі өткеннен кейін Головкиннің командасымен бірден келісімшартқа қол қоямыз деп ойлаймын. Альварес пен Чавес жекпе-жегін Мексика жұрты асыға күтіп отыр. Дегенмен осы жекпе-жектен кейін біз Головкинмен кездескіміз келеді", - деп келтіреді Гоместің сөзін BoxingScene.com порталы.
Бұған дейін Оскар Де Ла Хойя да "Канело" тек Чавесті жеңуі керек екенін айтты. Содан кейін олар назарын Головкинге аударады.