Головкин-Альварес қарымтасы The Ring тұжырымы бойынша жыл жекпе-жегі болып танылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Головкин-Альварес қарымтасы The Ring тұжырымы бойынша жыл жекпе-жегі болып танылды © Хабар 24

Бокс туралы жазатын беделді The Ring журналы 2018 жылдың қорытындысы бойынша өз марапаттарының жеңімпаздары тізімін жариялады, - деп хабарлайды Vesti.kz

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бокс туралы жазатын беделді The Ring журналы 2018 жылдың қорытындысы бойынша өз марапаттарының жеңімпаздары тізімін жариялады, - деп хабарлайды Vesti.kz

Орта салмақта әлем чемпионы болған қазақстандық боксшы Геннадий Головкин екі номинация бойынша ұсынылды. Оның мексикалық Сауль Альвареспен өткен екінші кездесуі жыл жекпе-жегі болып танылды. Сонымен қатар, ол "Жылдың айтулы оқиғасы" номинациясына үміткер болды, алайда бұл атақты бокс кештерін трансляциялаудан бас тартқан НВО арнасы иемденді.

Жыл боксшысы атағын бірінші ауыр салмақта абсолют чемпион украиналық Александр Усик алды. Үздік бапкер атағы Василий Ломаченконың бапкері әрі әкесі - Анатолий Ломаченкоға берілді. 

"Жыл нокауты" номинациясының жеңімпазы - Наойя Инуэ - Хуан Карлос Пайяно жекпе-жегі болды. 

2018 жылдың оралу номинациясы супер ауыр салмақта өнер көрсететін Тайсон Фьюриге бұйырды. Сондай-ақ, оның Деонтей Уайлдермен кездесуінің 12-ші раунды - жыл раунды болып танылды. 

"Жыл проспекті" атағына "Астана Арланс" экс-боксшысы хорватиялық Филип Хргович үміткер болған, алайда бұл атақты Теофимо Лопес жеңіп алды.  

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети