Головкин - Альварес реваншы мүлдем өтпей қалуы мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

Головкин - Альварес реваншы мүлдем өтпей қалуы мүмкін © Yahoo Sports

Golden Boy Promotions промоутерлік компаниясының президенті Эрик Гомес Геннадий Головкин мен Сауль "Канело" Альварес арасындағы екінші жекпе-жекті өткізу мүмкіндігі нөлге тең екенін айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz

ПОДЕЛИТЬСЯ

Golden Boy Promotions промоутерлік компаниясының президенті Эрик Гомес Геннадий Головкин мен Сауль "Канело" Альварес арасындағы екінші жекпе-жекті өткізу мүмкіндігі нөлге тең екенін айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz

"Қазір осы жекпе-жекті ұйымдастыру мүмкіндігі - "өлі күйде". Олардан жауап күтеміз деп 5-6 апта уақыт жоғалтып алдық. Алайда сонша уақыттан кейін қайтып оралғанда, олардың көтерген мәселесі қорлау болып саналады. Олардың сұраныстары тым күлкілі. Біз ары қарай жылжимыз. Меніңше, Головкин екінші жекпе-жек өткізуге қорқады", - деп жазады BoxingScene Гоместің сөзін. 

Сондай-ақ, қазақстандық боксшының промоутері Том Леффлер келіссөздер барысында түсінспеушіліктің неден шыққанын айтты. Оның айтуынша, басты мәселе - қаражатқа келіп тірелген. Бұл жерде GGG жекпе-жектен түскен табысты 50-де 50 бөлісуді ұсынған, ал мексикалық боксшы 65 пайыз сұрап отыр. Бірінші жекпе-жекте гонорар 70-те 30 болып мексикалықтың пайдасына көбірек шешілген еді. 

"Головкиннің бар айтқаны: "Мен табыстың 50-де 50 болғанын қалаймын. Мен чемпионмын". Бірінші жекпе-жекте барлығына көндік, аз пайызын алдық. Головкин өзінің құндылығын қанша дәлелдесе де біз қаншама ұсыныстарға көндік. Алайда Альварес, неге екені белгісіз, табыстың көп пайызын алғысы келеді екен. Геннадийдің ойынша,бұл әділ емес. Чемпион небәрі 35 пайыз ғана алмауы тиіс", - деді BoxingScene.com Леффлердің сөзін. 

Осыған дейін мексикалық боксшының промоутері Оскар Де Ла Хойя Головкинді ұзақ уақыт бойы күте алмайтындарын және басқа да кандидаттарды қарастыратынын айтқан еді. Олардың бірі Головкиннің бұрынғы қарсыласы - америкалық боксшы Дэниел Джейкобс. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети