Головкин-Альварес жекпе-жегін ұйымдастыруға дайынбыз - Де Ла Хойя

ПОДЕЛИТЬСЯ

Головкин-Альварес жекпе-жегін ұйымдастыруға дайынбыз - Де Ла Хойя © Zastavki.ru

Golden Boy Promotions компаниясының басшысы Оскар Де Ла Хойя қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен Сауль Альварес арасында кездесу ұйымдастыруға дайын екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Golden Boy Promotions компаниясының басшысы Оскар Де Ла Хойя қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен Сауль Альварес арасында кездесу ұйымдастыруға дайын екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Альварес-Головкин жекпе-жегін неге өткізбеске? Бұл кездесу міндетті түрде болуы керек. Ешқандай кедергі көріп тұрған жоқпын. Сауль онымен жұдырықтасқысы келеді!", - деді Оскар.

Айта кетейік, Головкин WBC (Interim) титулының иегері. Ол Альварес-Котто жекпе-жегінің жеңімпазы ие болатын WBC тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағына негізгі үміткер.

Оскар Де Ла Хойя Головкиннің экс-чемпион Давид Лемьеге қарсы өткізген кездесуіне риза болғанын айтты. "Головкин бүгін өзін көрсете білді. Оның жоспары жақсы болды, Головкин рингте өзін жақсы көрсетті", - деді ол.

Еске салайық, Головкин - Лемье жекпе-жегі 18 қазанда Нью-Йоркте өтті. Қазақстандық боксшы қарсыласын сегізінші раундта нокаутқа түсірді. Осылайша Головкин Лемьеден IBF титулын тартып алды. Бұл - 33 жастағы қазақстандықтың 34-ші жеңісі. Осылайша қазақстандық боксшы барлық титулын сақтап қалды және қарсыласының IBF титулын алды.

 

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети