Головкин - Альварес жекпе-жегінің соққылар статистикасы жария болды

© Тұрар Қазанғапов

Орта салма?та?ы WBA (Super), IBO, WBC ж?не IBF т?жырымдары бойынша ?лем чемпионы ?аза?станды? Геннадий Головкин мен мексикалы? Сауль "Канело" Альварес жекпе-жегіні? со??ылар статистикасы жария болды - деп хабарлайды Vesti.kz.

Орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес жекпе-жегінің соққылар статистикасы жария болды - деп хабарлайды Vesti.kz.

Лас-Вегаста өткен жекпе-жек 12 раундқа жалғасты. Жекпе-жек қорытындысы бойынша Головкин мен Альварес тең түсіп, Головкин барлық титулын сақтап қалды. (118-110 Альвареске, 115-113 Головкинге, 114-114).

Compubox мәліметінше, Головкин 703 соққы жасап, 218-ін дәл тигізді (31 пайызын). Джебтерінің 361-інің 108-і тиген (29,9 пайыз), ал қуатты соқыларының 342-сінің 110-ы (32,2 пайыз) дөп тиген.

Реклама
Реклама

Ал Альварес азырақ соққы жасаған (505). Ал 169 соққысы дөп тиген (33,5 пайыз). Мексикалықтың джебтерінің 233-інің 55-і тисе (23,6 пайыз), 272 қуатты соққысының 114-і (41,9 пайыз )дөп тиген.

Сондай-ақ, кейінірек жекпе-жектің толық видеосы жарияланды.

Осыған дейін Головкин мен Альварес ресми салмақ өлшеу рәсімінен өткен болатын. Оның қорытындысы бойынша Головкиннің салмағы - 160 фунт. Мұндай көрсеткішті "Канело" да көрсетті. Осылайша, екі боксшы да орта салмақтың ережесі бойынша белгіленген 160 фунтты (72,5 келі) көрсетті. 

Айта кетейік, Головкин - "Канело" жекпе-жегі Лас-Вегастағы (АҚШ, Невада) T-Mobile Arena аренасында өтті. Бокс кеші Астана уақыты бойынша таңғы 06:00-ден бастап Qazaqstan және QazSport телеарналарынан тікелей эфирден көрсетілді. АҚШ-та бұл жекпе-жек (PPV) ақылы жүйе арқылы көрсетілді. Бір телевизордан көру құны 75 доллар болды.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама