19 қазан 2018 09:59

"Головкин Альваресті таза жеңді" - Боб Арум

ПОДЕЛИТЬСЯ

Боб Арум. © mmamania.com Боб Арум. © mmamania.com

Top Rank промоутерлік компаниясының басшысы Боб Арум BoxingScene басылымына берген сұхбатында Геннадий Головкиннің екінші жекпе-жекте Сауль "Канело" Альваресті жеңгенін айтты. Бұл туралы VRinge.com хабарлады.


Top Rank промоутерлік компаниясының басшысы Боб Арум BoxingScene басылымына берген сұхбатында Геннадий Головкиннің екінші жекпе-жекте Сауль "Канело" Альваресті жеңгенін айтты. Бұл туралы VRinge.com хабарлады.

"Менің ойымша, Головкин - әлем бойынша орта салмақтағы үздік. Басқалар сияқты мен де "Канеломен" реваншын көрдім және төрешілер қалай есептесе де менің көзқарасым бойынша, Головкин таза жеңді", - деп мәлімдеді ол.

"Головкиннің атынан сөйлей алмаймын, ол оның промоутері Том Леффлердің құзіретінде. Геннадий бір категорияға жоғарылау туралы шешім қабылдай да алады, 76,2 келіге, ол жерде де вариант көп, араларында Хосе Ускатеги мен Хильберто Рамирес бар. Оған оппозиция туралы уайымдаудың қажеті жоқ", - деді Арум.

Top Rank басшысы өзінің жапониялық шәкірті, орта салмақта WBA әлемнің "қарапайым" чемпионы Рета Мурата мен GGG жекпе-жегін ұйымдастырғысы келетінін жасырмады. 

Головкин келесі жылы көктемде рингке оралмақшы. Жапониялық Мурата 20 қазанда америкалық Роб Брэнтпен жұдырықтасады.

"Муратаның Брэнтпен жекпе-жегі оңай болмайды, егер Рета жеңсе оның келесі жекпе-жегі Головкинмен болуы әбден мүмкін", - деді промоутер.

Айта кетейік, Боб Арум еңбек жолында әлем чемпионы титулы үшін 400 жүзден аса жекпе-жек ұйымдастырған. Ол Мұхаммед Әли, Роберто Дюран, Хулио Сесар Чавес, Шугар Рэй Леонард, Оскар Де Ла Хойя, Мигель Котто, кіші Флойд Мейвезер, Мэнни Пакьяо сияқты атақты боксшылармен жұмыс істеген.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети